Сочи - 2014. Германия қоржынына кезекті алтын түсті

Сочи - 2014. Германия қоржынына кезекті алтын түсті

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында шанадан эстафеталық сында Германия құрамасы топ жарып, доданың жалпыкомандалық көшінен ұзай түсті. 

Қазіргі таңда немістердің қоржынында 7 алтын 2 күміс 1 қола жүлде бар. Ал осы сында күмісті еншілеген Ресей құрамасында әзірге 2 алтын 5 күміс 4 қола бар. Ал осы сайыста екінші қоласына қол жеткізген Латвия құрамасы 22-ші орында тұр. 

Қорытынды нәтиже:

1. Германия (Гайзенбергер, Лох, Вендль/Арльт) – 2.45,649 (54,095 + 55,639 + 55,915) 

2. Ресей (Иванова, Демченко, Денисьев/Антонов) – 2.46,679 (54,429 + 55,755 + 56,475) 

3. Латвия (Э. Тирума, Рубенис, А. Сикс/Ю. Сикс) – 2.47,295 (54,745 + 56,048 + 56,502) 

Медальдар жиынтығы сарапқа салына бастаған алтыншы күннен кейінгі жалпыкомандалық нәтижелер:

ОрынМемлекет    Алтын        Күміс    

    Қола   

    Барлығы    
1 Германия Германия 7 2 1 10
2 Канада Канада 4 4 2 10
3 Норвегия Норвегия 4 3 6 13
4 Нидерланды Нидерланды 4 3 5 12
5 США АҚШ 4 2 6 12
6 Швейцария Швейцария 3 0 1 4
7 Россия Ресей 2 5 4 11
8 Китай Қытай 2 1 0 3
9 Франция Франция 2 0 2 4
10 Польша Польша 2 0 0 2
11 Австрия Австрия 1 4 0 5
12 Словения Словения 1 1 2 4
13 Беларусь Беларусь 1 0 0 1
13 Южная Корея Оңтүстік Корея 1 0 0 1
13 Словакия Словакия 1 0 0 1
16 Швеция Швеция 0 4 1 5
17 Чехия Чехия 0 2 1 3
18 Япония Жапония 0 2 1 3
19 Италия Италия 0 1 1 2
20 Австралия Аустралия 0 1 0 1
21 Финляндия Финляндия 0 1 0 1
22 Латвия Латвия 0 0 1

1

22 Украина Украина 0 0 1 1
22 Великобритания Ұлыбритания 0 0 1 1






Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sochi2014.com

О. Сансызбай