Cочи - 2014. Норвегия құрамасы көш бастап тұр

Cочи - 2014. Норвегия құрамасы көш бастап тұр

Cочи Олимпиадасының медальдар жиынтығы сарапқа салынғаннан кейін де төрт күн өте шықты. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржыны бос тұр. Ал жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша Норвегия құрамасы көш бастап келеді. 

Жаңа ғана аяқталған әйелдер арасында тұғырдан (трамплин) секіру мен сноубордтың хафпайп сынында Швейцария мен неміс құрамасының қоржыны майланды. Тұғырдан секіру (трамплин) сынында неміс Карина Фогт алтыннан алқа тақса, күміс австриялық ару Даниэло Ирашкоға, қола француз Колин Маттельдің еншісіне жазылды. Ал сноубордтағы хафпайп сынында швейцарлық сспортшы Юрий Подкладчиков топ жарды. Күміс пен қоланы жапондық Аюми Нирано мен Таку Хираока еншіледі.

Сонымен Скандинавия түбегінің өкілдері барлығы 4 алтын 3 күміс 4 қола еншілеп бірінші орында тұр. Екінші орын да дәл осындай алтыны мен күмісі бар, қоласы кем Канада құрамасының спортшыларына тиесілі болуда. Ал бұл екі елдің жолын Нидерланды (3 алтын 2 күміс 3 қола) мен Германия (3 алтын 1 күміс) құрамалары өкшелеп келеді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ria.ru

О. Сансызбай