Сочи - 2014. Елизавета Аксенова үмітті ақтамады

Сочи - 2014. Елизавета Аксенова үмітті ақтамады

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында жекелей шана сайысында ел намысын қорғаған Елизавета Аксенова төрт кезең қорытындысы бойынша 28-ші орынға табан тіреді. 

Бұл жарыста Германия құрамасының қоржынына қос бірдей медаль түсті. Алтынды Натали Гейзенбергер иеленсе, күміс те тағы бір неміс қызы Татьяна Хюфнерге бұйырды. Қоланы АҚШ құрамасының шанашысы Эрин Хэмлин жеңіп алды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай