Сочи-2014: Майкен Касперсен Фалла алтыннан алқа тақты

Сочи-2014: Майкен Касперсен Фалла алтыннан алқа тақты

Майкен Касперсен Фалла Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спорты түрінен қысқа қашықтықта әйелдер арасында алтыннан алқа тағып отыр.

23 жастағы норвегиялық спортшы 2:35.49 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алды. Екінші орын тағы бір норвегиялық спортшыға бұйырды. 23 жастағы Игвильд Флугстад Эстберг 2:35.87  уақыт көрсеткішімен күмісті еншіледі. Үшінші орынға таласта словениялық Весна Фабьянның бағы жанды (2:35.89)

Ертеректе отандық спортшыларымыз Елена Коломина мен Татьяна Осипова осы спорт түрінен іріктеу кезеңінен аса алмаған болатын.

33 жастағы Коломина іріктеу кезеңінде 46-шы нәтижені көрсетіпті. 26 жастағы Осипова 57-ші нәтижені місе тұтыпты.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: norge.ru

Л. Лига