Сочи - 2014. Чеботько жартылай финалға шыға алмады

Сочи - 2014. Чеботько жартылай финалға шыға алмады

Николай Чеботько Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спорты түрінен ерлер арасындағы қысқа қашықтықтың ширек финалында сүрініп, жартылай финалға шыға алмады.

33 жастағы отандық спортшымыз өз тобында бесінші орын алып, 3:39.66 уақыт көрсеткішімен келесі кезеңге өте алмай қалды.

Ертеректе осы сында ел намысын қорғаған Денис Волотка мен Роман Рагозин алғашқы сыннан-ақ сүрінген еді. Алғашқысы қысқа қашықтықты 3:46.92 минутта бағындырса, соңғысы 3:38.56 минут нәтижесін көрсетіпті.

Іріктеу сынында үздік көрсеткішті норвег Олле Виген-Хаттестад көрсетті. Ол жалпы қашықтықты 3:37.99 минутта жүріп өтті. Екінші үздік нәтиже ресейлік Антон Гафаровқа тиесілі болды (3:38.52). 

Енді жартылай финал сайыстары 19:14-те басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.nur.kz

Л. Лига