Сочи - 2014. Чеботько - ширек финалда!

Сочи - 2014. Чеботько - ширек финалда!

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спорты түрінен ерлер арасындағы қысқа қашықтықтың іріктеу кезеңінде бақ сынаған жерлесіміз Николай Чеботько 30-шы нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге өтті. Ал тағы осы сында ел намысын қорғаған Денис Волотка мен Роман Рагозин алғашқы сыннан-ақ сүрінді. Алғашқысы қысқа қашықтықты 3:46.92 минутта бағындырса, соңғысы 3:38.56 минут нәтижесін көрсетті. 

Іріктеу сынында үздік көрсеткішті норвег Олле Виген-Хаттестад көрсетті. Ол жалпы қашықтықты 3:28.35 минутта жүріп өтті. Екінші үздік нәтиже ресейлік Александр Устюговқа тиесілі болса, үштікті италияндық Федерико Пеллегрино қорытындылады. Енді ширек финал сайыстары 18:25-те басталады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

О. Сансызбай