Доллар құны Сочи сыйақысына да әсерін тигізді

Доллар құны Сочи сыйақысына да әсерін тигізді

Бүгін теңгенің құны құлдырап, доллардың құны аспандай түсті. Осыған орай Сочи Олимпиадасында алтыннан алқа таққан спортшының теңгемен алтын сыйақысы көбейе түсті. Бұл туралы арнайы сараптама жұмысын жүргізген vesti.kz мәліметін ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей жерінде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған спортшыға 250 мың АҚШ долларын сыйға беретіні туралы хабарлаған болатынбыз. Бүгін доллардың құнының жоғарылауы нәтижесінде теңгемен шаққанда жеңімпаз спортшының алатын ақшасы 8 миллионға дейін жоғарылап отыр. Яғни жеңімпаз спортшының бастапқы сыйақысы теңгемен есептегенде 38 миллион 750 мыңды құраса, қазір бұл сыйақы 46 миллион 250 мың теңгеге көтеріліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Сочи Олимпиадасының төртінші күнінде ел намысын 9 спортшы қорғайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-xl.org

Ө. Сансызбай