Сочи - 2014. Франция қоржынына қос медаль түсті

Сочи - 2014. Франция қоржынына қос медаль түсті

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы 12,5 шақырымдық додада француз Мартен Фуркад топ жарды. Ол бұл қашықтықтықты 33:48.6 минутта бағындырып, алтыннан алқа тақты.

25 жастағы спортшы Олимпиада чемпионы атанып, Франция қоржынына алғашқы медальды салды. Күміс жүлде чех биатлоншысы Ондрей Моравеске бұйырса, қоланы тағы бір француз Жан-Гийом Биатрикс иеленді. 

Ал бұл сайыста ел намысын қорғаған Ян Савитский 29-шы орынды місе тұтса, Сергей Наумик 58-ші сатыдан көрінді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.ru

Ө. Сансызбай