Сочи-2014: Павел Колмаков могул сайысынан екінші болып финалға өтті

Сочи-2014: Павел Колмаков могул сайысынан екінші болып финалға өтті

Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл сында отандық спортшыларымыз да бақ сынаған болатын.

Павел Колмаков екінші іріктеу кезеңінде 4-орын алып (21.70), финалдық бөлікке екінші болып жолдама алды. Ал 28 жастағы отандасымыз Дмитрий Бармашов 16-орынды (5.21) місе тұтты. Бір айта кетерлігі, аталған спортшы бірінші жарыс жолына шықпаған болатын. 

Ертеректе жерлесіміз Дмитрий Рейхерд 7-орынмен (21.86) келесі кезеңге шыққан еді.

Отандық биатлоншыларымыз Ян Савицкий мен Сергей Наумик жүлде үшін таласқа түседі. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан көре аласыздар.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет:  vk.com

Л. Лига