Сочи-2014: Мариия Хёфль-Риш үш дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Сочи-2014: Мариия Хёфль-Риш үш дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Сочиде өтіп жатқан 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысы спортынан әйелдер арасындағы суперкомбинация жарысында неміс қызы Мариия Хёфль-Риш алтыннан алқа тақты.

29 жастағы неміс қызы (2:34.62) бірінші орыннан көрінсе, екінші орынды 30 жастағы аустриялық Николь Хосп (+0.40) иеленді. Ал үшінші орын АҚШ-тың атынан шыққан Джулия Манкусоға бұйырды (+0.53). 

Мария Хефль-Риш өз мансап жолында  үшінші алтынды иеленіп отыр. Неміс спортшысы 2010 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы саналады. 

Естеріңізге сала отырсақ, 19:00-де конькишілер 500 метр қашықтыққа жарысы жолына түседі. Қазақстан атынан Роман Креч бақ сынайды. 
 
20:00-де ерлер арасында моглу бағдарламасының іріктеу кезеңінен шығуға Дмитрий РейхердПавел Колмаков пенДмитрий Бармашов мүмкіндік алып көреді. Жарысты KazSport арнасынан көре аласыздар. 

Қазақстан құрамасынан Елизавета Аксенова шана спортынан жарыс жолына шығады. Басталуы: сағат 20:45-те. 

Отандық биатлоншыларымыз Ян Савицкий пен Сергей Наумик жүлде үшін таласқа түседі. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан көре аласыздар.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: rsport.ru 

Л. Лига