Сочи ойындарының алтыны 550 доллар тұрады

Сочи ойындарының алтыны 550 доллар тұрады

Сочи 2014 қысқы Олимпиада ойындарындағы алтын медаль 550 долларға бағаланды. Жүлденің мұндай төмен бағалануына оның алтыннан емес, күмістен жасалғандығы себепші болып отыр. Ал оның салмағы 525 граммды құрайды.  

Олимпиада медаліндегі таза алтынның үлесі бар болғаны алтын грамды құрайды екен – ол тек медальдың бетіне ғана жалатылған.

Мамандар егер Сочи Олимпиадасының медалі таза алтыннан құйылса, оның құны 21 мың доллар тұратынын да анықтапты. Ал бағалы жүлденің коллекционерлер үшін қандай бағаға сатылатыны белгісіз.  

Ал күміс медальдың нарықтық құны 310 доллар екен.

1

Мыс, қалайы және мырыштан құйылған қола медальдың бағасы бар жоғы 3 доллар және 25 центке тең.

2

Медальдарды бағалау кезінде оның құрамындағы металдардың нарықтық орташа бағасы есепке алынған.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: lenta.ru

Б. Қосмағамбет