Сара Таканаши алтыннан үмітін үзгісі келмейді

Сара Таканаши алтыннан үмітін үзгісі келмейді

Шаңғы трамплинінің жұлдызы жапон Сара Таканаши бүгін Сочидегі "Горкий" атындағы трамлиннен секіру орталығында өзінің екінші оқу-жаттығу жұмыстарына қатысты. Спортшы жергілікті мекенге үйрену үдерісінің нашар болып жатқанын айтып, өкінішін білдірді.

"Мен орыс трамплиніне бейімделуіме біршама көп уақыт керек, себебі ол Жапониядағы трамплиннен мүлде өзгеше", - дейді ол. "Мен өзімнің үштік сыныма қанағаттанбадым."

Таканашидің соңғы нәтижелеріне орай сейсенбі күні түнде алтын алуға үміткерлердің бастысы саналмауда. Десе де, "бұл менің бетімді қайтара алмайды, алтын медаль менің алдыңғы мақсатым", - дейді 17 жасар спортшы қыз.

Сонымен қатар, америкалық Сара Хендриксон өткен жылы тізесіне ота жасағаннан кейін де өзін толық дайын емес екенін оқу-жаттығуы жұмыстары барысында көрсетіп алды. 

"Менің тізем әлі ауырады. Өте алысқа секірудің еш қажеті жоқ. Өз басыммен тәуекелге бел байлағым келмейді", - дейді ол. Хендриксон қайта жарақат алудан уайымдайтынын жеткізді.

"Әрине бұл өткен күннің еншісіне қалды. Жарақат алуымның мүмкіндігі бар екенін жоққа шығармаймын. Бірақ дәл қазір ол ойды бастан шығарып тастау керек", - дейді Сара жергілікті тілшілерге.

Естеріңізге сала кетсек, әйелдер арасындағы тұғырдан секіру (трамплин) спорты бойынша сайыстар 11 ақпан күні өтеді.

Жолдаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: vk.com

О. Сансызбай