Полторанин 16-орын алды

Полторанин 16-орын алды

Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында 30 шақырымға созылған скиатлон сайысында Дарио Колонья алтыннан алқа тақты.

Швейцариялық спортшы Дарио Колонья (1:08:15.4 уақыт көрсеткішімен) бас жүлдені жеңіп алса, швециялық Маркус Хельнер күміс орынды еншіледі (1:08:15.8), қола жүлде норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбюге бұйырды (1:08:16.8).

Отандық спортшыларымыз Алексей Полторанин мәре сызығын 16-орынмен кессе (1:08:51.5), Евгений Величко (1:11:05.6) 32-орынды, Сергей Черепанов 49-орынды (1:13:39.7), Mарк Старостин 56-орынды (1:15:36.6) місе тұтты.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін биатлоншыларыз Елена Хрусталева, Галина Вишневская, Дарья Усанова, Марина Лебедева мен Алина Райкова өнер көрсетеді. Жарыс жолы 20:15-те басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vesti.kz


Л. Лига