Слоупстайлдан әйелдер арасында финал аяқталды

Слоупстайлдан әйелдер арасында финал аяқталды

Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында слоупстайл сайысында әйелдер арасында 23 жастағы американдық Джейми Андерсонның бағы жанды.

23 жастағы американдық бас жүлдені еншісіне байласа (95.25), финляндиялық Энни Рукаярви күміс орынды (92.50), британиялық Дженни Джонс қола жүлдемен қанжығасын майлады (87.25).

Ертеректе тау шаңғысында отандық спортшыларымыз Игорь Закурдаев 2:11.28 уақыт көрсеткішімен 33-орынға тұрақтаса, 22 жастағы Мартин Хубер 42-орыннан (2:13.51) көрінсе, Дмитрий Кошкин 43-орынды місе тұтқан болатын (2:14.63).

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін биатлоншыларыз Елена Хрусталева, Галина Вишневская, Дарья Усанова, Марина Лебедева мен Алина Райкова өнер көрсетеді. Жарыс жолы 20:15-те басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sochi2014.com


Л. Лига