Сочи - 2014. Канада қос медальды еншіледі

Сочи - 2014. Канада қос медальды еншіледі

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы фристайлдың могул сайысы бойынша канадалық апалы-сіңлілі Хлоя Дюфур-Лапуант пен Жюстин Дюфур-Лапуант алтын мен күміс жүлдені жеңіп алды. Ал 2010 жылы Ванкуверде өткен додада жеңімпаз атанған АҚШ спортшысы Ханна Кирни қола жүлдеге қол жеткізді. Ал бұл сында бақ сынаған жерлесіміз Юлия Галышева жетінші орынды қанағат тұтты. 

Олимпиаданың алғашқы күнгі салынған медальдар жиынтығы бойынша Норвегия құрамасы көш бастады. Қазіргі таңда олардың қоржынында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар. Екінші орынды Канада мен Нидерланды спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қоламен иеленіп отыр. Америка Құрама Штаттарының спортшыларының қоржынында 1 алтын болса, Австрия құрамасы бүгін 1 қола жеңіп алды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:m.sochi2014.com

О. Сансызбай