Сочи - 2014. Жапаров пен Пчелинсев іріктеуден өте алмады

Сочи - 2014. Жапаров пен Пчелинсев іріктеуден өте алмады

Cочи Олимпиадасында трамплиннен секіру спорт түрінде бақ сынаған жерлестеріміз Алексей Пчелинсев пен Марат Жапаров алғашқы кезеңнен-ақ сүрінді. Іріктеу сынына барлығы 51 спортшы қатысты. Ел намысын қорғаған спортшыларымыз тиісінше 46 мен 49-шы орындардан көрінді. 

Іріктеу сынының үздік көрсеткішін австриялық Микаэль Хэйбёк көрсетсе, одан кейінгі сатығлардан неміс Андреас Ванк пен жапон спортшысы  Рерухи Шимицу  көрінді. 

Санаулы минуттардан кейін жерлесіміз Юлия Галышева фристайлдың могул сайысы бойынша бақ сынайды. Тікелей эфирде "Хабар" мен "KazSport" арналарынан тамашалай аласыздар!

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай