Марит Бьорген Олимпиада ойындарының төрт дүркін жеңімпазы атанды

Марит Бьорген Олимпиада ойындарының төрт дүркін жеңімпазы атанды

Сочидегі 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарында 33 жастағы норвегиялық спортшы Марит Бьорген 15 шақырымға созылған шаңғы спортынан алтыннан алқа тақты. 

Марит Бьорген берілген қашықтықты қиналмай еңсеріп, үздік уақыт көрсеткішімен бірінші орынды иеленді - (38:33.6). Екінші орын Швеция елінің өкілі Шарлотта Каллаға бұйырса (38:35.4), үздік үштікті норвегиялық спортшы Хайди Венг (38:46.8) қорытындылады.

Ал отандық спортшыларымыз Елена Коломина жарыс қорытындысы бойынша 40-орынға (41:52.2), Анастасия Слонова 41-орынға (41:52.8), 26 жастағы Татьяна Оссипова 57-орынға тұрақтады (44:29.0).

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін могулдан әйелдер арасында жартылай финал мен финал өтеді. Финалға шыққан отандық спортшымыз Юлия Галышева жүлделі орынға таласатын болады. Финал алдындағы жартылай финалда қазақ елінің тағы бір спортшысы Дарья Рыбалова финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік алып көреді. Жартылай финалды Астана уақытымен 21:55-те, тікелей эфирде KazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар. Финалды 23:55-те  KazSport пен "Хабар" телеарналары көрсетеді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: www.sochi2014.com/

Л. Лига