Отандық спортшыларымыз жарыс жолына шығады

Отандық спортшыларымыз жарыс жолына шығады

Бүгін отандық спортшыларымыз жарыс жолына шығады... 

Алғашқы алтындар сарапқа салынады. Могулда әйелдер арасында жартылай финал мен финал өтеді. Финалға шыққан отандық спортшымыз Юлия Галышева жүлделі орынға таласатын болады. Финал алдындағы жартылай финалда қазақ елінің тағы бір спортшысы Дарья Рыбалова финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік алып көреді. Жартылай финалды Астана уақытымен 21:55-те, тікелей эфирде KazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар. Финалды 23:55-те  KazSport пен "Хабар" телеарналары көрсетеді.

Шаңғышылар алғашқы жарыс жолына түседі. Әйелдер арасында скиатлонда Қазақстан атынан Татьяна Осипова, Анастасия Слонова және Елена Коломина өнер көрсетеді. KazSport телеарнасынан сағат 15:50-де көре аласыздар.

Жарыс жолына отандық биатлоншыларымыз да шығады. Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик, Александр Трифонов және Диас Кенешев 10 шақырымдық жарыс жолында бақ сынайды. Басталауы: сағат 20:20-да.

Қазақстан құрамасынан трамплиннен секіруден Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. KazSport арнасынан 22:25-те тамашалай аласыздар. 

Коньки тебу спортынан 5000 метр қашықтыққа Азияның үш дүркін жеңімпазы Дмитрий Бабенко шығады. KazSport арнасы бұл көрсетілімді 01:35-те мұрағаттан көрсетеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Cурет: expertonline.kz

Л. Лига