Сочи-2014: сноубордтан әйелдер арасында іріктеу кезеңі аяқталды

Сочи-2014: сноубордтан әйелдер арасында іріктеу кезеңі аяқталды

6 ақпан күні Сочидегі 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарының жарыс күні  "Роза Хутор" экстрим-паркінде сноубордшылардың слоупстайл бағдарламасымен басталған болатын. 

Ерлер арасында 20 жасар норвегиялық Столе Сандбек (94,50), фин спортшысы Пеэту Пийронен (90,75), канадалық Себастьен Тутан (87,25) мен британдық Джейми Николлс (86,75) өз топтарынан суырылып шығып, бірден финалдық бөлікке жолдама алды. 

Әйелдер арасында швейцариялық Изабель Дерунгс (87,50), аустралиялық Тора Брайт (85,25), канадалық Спенсер О'Браймен (82,75) және фин спортшысы Энни Рукаярви бірден финалдық бөлікке өтті. 

Жарыстың әйлдер арасындағы финалдық бөліктері 9 ақпан күні сарапқа салынады екен. 

Кешке жарыс жолына отандық спортшыларымыз да шығады. Могул бағдарламасымен Дарья Рыбалова мен Юлия Галышева бақ сынайды. Басталуы Астана уақытымен сағат 20:00-де. 

Естеріңізге сала кетсек, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындары ертең Астана уақыты бойынша кешкі сағат 22.00-де жалауын көтереді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: russiasport.ru

Л. Лига