Сочи-2014: жарыс күні басталды...

Сочи-2014: жарыс күні басталды...

6 ақпан күні "Роза Хутор" экстрим-паркінде сноубордшылардың слоупстайл бағдарламасымен Сочидегі 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарының жарыс күні басталды, деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі. 

Олимпиада ойындарының алғашқы қатысушысы - британдық Билли Морган.

Бүгін жарыс жолына отандық спортшыларымыз да шығады. Могул бағдарламасымен Дарья Рыбалова мен Юлия Галышева бақ сынайды. Басталуы Астана уақытымен сағат 20:00-де. 

Естеріңізге сала кетсек, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындары 7 ақпан күні  Астана уақыты бойынша кешкі сағат 22.00-де жалауын көтереді. Қазақстан атынан 52 спортшы 10 спорт түрінен сынға түседі. Қысқы Ойындардың ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та қатысатынын айта кетейік.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: rsport.ru

Л. Лига