Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Сочи-2014 / Олимпиада ойындарын қай телеарна және қашан көрсетеді?

Олимпиада ойындарын қай телеарна және қашан көрсетеді?

Олимпиада ойындарын қай телеарна және қашан көрсетеді?

Хабар және KazSport телеарналары Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарынан екі жүзге тарта трансляция тарататын болады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

- Қазақстандықтар Сочидегі ойындарды екі телеарнадан тамашалай алады,-дейді мәдениет және ақпарат министрлігі мұрағат және ақпарат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков. – Олимпиада турнирінен 190-нан аса трансляцияны көрсетуге келісім жасалды. Хабар телеарнасы 51 трансляцияны көрсетсе, оның 34-і тікелей эфирден таратылады. Kazsport арнасы барлығы 140 трансляция таратуды жоспарлап отыр. Оның 78-і тікелей эфирде көрермендерге жол тартады.  

Оның сөзінше, Олимпиада ойындарынан барлығы 350 сағаттай видеоконтент қазақстандықтар назарына ұсынылмақ. Ал KazSport телеарнасында қазірдің өзінде трансяциялардың толық тізімі жарияланып та қойған. Танысып шығу үшін мына жерге өтіңіз.

- KazSport телеарнасы Сочиден күніне 14-тен 24 сағатқа дейін тікелей және қайталау трансляцияларын жүргізбек. Олардың барлығы да қазақ және орыс тілдерінде жүретін болады. Трансляциялар 6-24 ақпан күндері аралығын қамтиды,-деп мәлімдеді Қалиянбеков.

Жарыстың ашылуын Хабар мен KazSport арналары тікелей эфирде көрсететін болады. Massaget.kz порталы да Олимпиаданың ең қызықты деген жаңалықтарымен және отандастарымыз қатысатын жарыстың барлығымен сіздерді уақытында хабардар етіп тұрмақ. 

Естеріңізге сала кетсек, Сочидегі қысқы Олимпида ойындары 7 ақпан күні жалауын көтереді. Қазақстан атынан 52 спортшы 10 спорт түрінен сынға түседі. БАҚ бұл байрақты бәсекеде Қазақстанға қос медальды шаңғышы Алексей Полторанин алып келеді деп болжап отыр. Қысқы Ойындардың ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та қатысатынын айта кетейік.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: thekievtimes.ua

Қосылған күні: 05 ақпан 2014, 20:00
Пікірлер
+0
06 ақпан 2014, 13:09

ашылу салтанатын қай арнадан тамашалай аламыз?

+0
07 ақпан 2014, 17:03

Екі арнадан да тамашалай аласыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.