Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Сочи-2014 / Сочидегі жаңа спорт түрлері

Сочидегі жаңа спорт түрлері

Сочидегі жаңа спорт түрлері

Әлем жұртшылығы Сочи Олимпиадасын асыға күтіп отырғаны белгілі. Ал ақ Олимпиаданы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шаңғы спорты және биатлонсыз елестету мүмкін де емес. Әр төрт жыл сайын өтетін додаға жаңа өзгерістер мен спорттың жаңа түрлері де қосылып отырады. Ендеше Ресей жерінде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына енген спорт түрлерімен таныстыруды жөн санап отырмыз.

Әйелдердің шаңғымен тұғырдан секіруі (трамплин)


Шаңғымен тұғырдан секіру спорты ақ Олимпиадаға осыдан 90 жыл бұрын енген. Ал осыған дейінгі сындарда ерлер ғана бақ сынап келді. Енді олардың қатарына әйелдер де қосылды. 2011 жылдың сәуір айында Халықаралық Олимпиада комитеті қыздарға да шаңғымен тұғырдан секіруге рұқсат берген болатын. Сочи Олимпиадасынан бастап жүлделер таратылатын болды.

Мәнерлеп сырғанаудан командалық сайыс


Мәнерлеп сырғанау – Олимпиада ойындарындағы қызықты да, тартысты спорт түрінің бірі. 2010 жылы Ванкуверде өткен ойындарда бұл спорт түрінен 4 медальдар жиынтығы сарапқа салынса, Сочиде 5-ке жетіп отыр. Бесінші болып - мәнерлеп сырғанаудан командалық сайыс қосылды. Ресей жерінде өтетін додаға әлемнің 10 үздік құрамасы қатысатын болып шешілді. Команда құрамы 6 спортшыдан тұрады.

Шанамен сырғанаудан командалық жарыс


Сочи Олимпиадасында алғаш рет шанамен сырғанаудан командалық жарыс спорты еніп отыр.

Фристайл-хаф пайп 


Фристайл-хафпайп та Сочидегі жаңа спорт түрлерінің бірі. Сноубордтағы хафпайп Олимпиада ойындарындағы жүлделерін 1998 жылдан бастап таратып келе жатса, фристайл-хафпайп енді ғана еніп отыр.

 Биатлондағы аралас эстафета


Биатлондағы ең жас спорт түрі болып саналатын аралас эстафета Сочи Олимпиадасы бағдарламасына енді. Командада екі ер мен екі әйел бақ сынайды. Бұл спорт түріндегі алғашқы жүлделер 2005 жылы Ханты-Мансийск (Ресей) қаласында өткен Әлем чемпионатында таратылды.


Сонымен қатар, ХХІІ қысқы Сочи Олимпиада ойындарына сноуборд пен фристайлдағы слоупстайл және сноубордтағы командалық параллельді слалом жарыстары еніп отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, Ресей жеріндегі ақ Олимпиада 7-23 ақпан аралығында өтеді. Қазіргі таңда спортшылардың алғашқы легі Сочиге ат басын бұрып та үлгерді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

Қосылған күні: 31 қаңтар 2014, 16:52
Пікірлер
+0
31 қаңтар 2014, 16:44

керлингті спорт деп мойындамаймын

+0
31 қаңтар 2014, 17:52

Мәнерлеп сырғанаудан командалық сайыс-Дұрыс :mrgreen:

+0
31 қаңтар 2014, 20:50

Мағанда осы ұнады

+0
31 қаңтар 2014, 18:00

Олимпиада программасына жаңадан енгендерінің ішінде ең көп көрермен жинайтыны сөзсіз мәнерлеп сырғанаудан командалық сын!!! Әйелдер трамплині мен шанамен сырғанаудан командалық бәйге қазақтың оң жамбасына келетін түрлері екен!!! Басқалары біз үшін әлі қиындау ау!!!

+0
31 қаңтар 2014, 21:41

Мәнерлеп сырғанаудың алтыны жарыс қожайындарыныкі ғой, саясат жатыр дейсің

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.