Марат Жапаров та Сочиге барады

Марат Жапаров та Сочиге барады

Сочи қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың қатары тағы да толықты. Бұл жолы трамплиннен секіру спортынан сынға түсуші Марат Жапаров қосымша жолдамаға ие болды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

Осымен ХХІІ қысқы Олимпиададағы Қазақстан құрамасының спортшылары саны 52-ге жетті. Осының алдында ғана шаңғышы Елена Коломинаның қосымша жолдамаға ие болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: news.ivest.kz

Ө. Сансызбай