Сочиге тағы бір спортшы баратын болды

Сочиге тағы бір спортшы баратын болды

Ресей жерінде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына осыған дейін 50 спортшы баратыны туралы хабарлаған болатынбыз. Енді олардың қатарын тағы бір спортшы толықтырып отыр. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлауда.

Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың қатарын шаңғышы Елена Коломина толықтырды. Ол қосымша жолдамаға ие болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, ақ Олимпиада 7 ақпан күні салтанатты түрде ашылып, 23 ақпан күні мәресіне жетеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: yka.kz

Ө. Сансызбай