Сочиде бақ сынайтын елдердің спорттық киім үлгілері

Сочиде бақ сынайтын елдердің спорттық киім үлгілері

Санаулы күндерден кейін бүкіл әлем тынысын ішіне тарта күткен Сочи қысқы Олимпиадасы да басталады. Төрт жылда бір келетін додада топ жару кез келген спортшының арманы екені де белгілі. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға ақ Олимпиадада бақ сынайтын елдердің спорттық киім үлгілерін ұсынуды жөн санап отырмыз.

Әлемнің 80 елінің спортшылары сынға түсетін аламанда спортшылардың киім үлгілері де маңызды болып табылатыны анық. Өйткені, ол тұтас бір ұлттың тарихы мен танымы, ұлттық нышандары мен мәдениетінің айнасы да бола алады. Ұлттың айрықша таным белгілері бар дизайнда жасалған спорттық киім үлгілері спортшыларға айрықша күш пен өр рух та сыйлайды.

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың спорттық киім үлгісін "КазСПО-N" компаниясы тігіп шықты. Бұл туралы хабарлаған да болатынбыз. Біреуге ұнаса, біреуге ұнамағаны да бар-ды. Қош, сонымен Сочи Олимпиадасына қатысатын елдердің спорттық киім үлгілерімен таныс бола отырыңыздар!

Қазақстан 

Жарыс қожайыны - Ресей

Германия

Норвегия

АҚШ

Польша

Латвия

Украина

Белоруссия

Италия

Канада

Чехия

Литва

Эстония

Қытай

Ұлыбритания

Франция

Жапония

Нидерланды

Моңғолия

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosport11.ru

Ө. Сансызбай