Сочи Олимпиадасын "Хабар" арнасы көрсетеді

Сочи Олимпиадасын "Хабар" арнасы көрсетеді

2014 жылы Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы көрсететін болды. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру агенттігінің басшысы Тастанбек Есентаев хабарлады.

Қазіргі таңда осы сұрақтар төңірегінде келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. Алдағы уақытта толық ақпарат жарияланбақ. Осыған дейін «KazSport» телеарнасы да Қысқы ойындарды толық көлемді жүргізуге келіссөздер жүргізіп жатқаны мәлім болған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында өтеді. Спортшыларымыздың спорттық киім үлгісі туралы хабарлаған да болатынбыз. Ал  алтын жүлдеге қол жеткізіп, чемпион болған спортшыға мемлекет жазғы спорт түрлеріндегідей 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындап отыр. Сонымен қатар, 20 үздік ұлттық құраманың қатарына енуге талап қойылды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай