Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Сочи-2014 / Сочиге Қазақстан қандай киім үлгісімен баратын болды? (Видео)

Сочиге Қазақстан қандай киім үлгісімен баратын болды? (Видео)

Сочиге Қазақстан қандай киім үлгісімен баратын болды? (Видео)

Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының спорттық киім үлгілері белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

"КазСПО-N" компаниясы ұсынған ерекше үлгідегі спорттық киім үлгілері Қазақстан спорт және дене шынықтыру агентігінің қолдауына ие болған. Аталған ұйым директоры Елена Свечникованың айтуынша, телефон арқылы жеткен қуанышты хабар әлі қағаз жүзінде іске аспаса да тігіншілер жұмысын бастап кетіпті.

Сочиде бақ сынайтын Қазақстан құрамасының спорттық киімдерін көркемдеуге тек дизайнерлер ғана емес, тарихшылар да ат салысыпты. Онда еліміздің Туы және Елтаңбасымен қатар, Тамғалы тас жазулары да бейнеленген. Көшпенділердің басты символы болып саналатын – тұмар мен шаңырақ бейнесі де ерекше өрнектелген. Тұмар – көз тиюден сақтайды десе, шаңырақ – жеңісті жолымызды даңғыл етеді деген сеніммен бейнеленіп отыр. Сонымен қатар, қазақы ою-өрнектер және «Алтын Адам» бейнесі де тыс қалмаған. Аяқ шұлығынан бастап, сыртқы қалың киімге дейін барлығы 19 әр түрлі танымбелгілер мен нышандар әшекейленіп көркемделген. "КазСПО-N" компаниясы ұсынған дүние авторларының айтуынша, дәл осындай дизайнда жасалған спорттық киім үлгілері спортшыларымызға айрықша күш пен өр рух сыйлайды.

Әзірге бұл спорттық киімдердің толық жиынтығының құны 500-600 мың теңгеден кем түспейтін көрінеді. Ал осыдан төрт жыл бұрынғы Ванкувер Олимпиадасының спорттық киімдері 370 000 теңгеге бағаланған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында өтеді. Алтын жүлдеге қол жеткізіп, чемпион болған спортшыға мемлекет жазғы спорт түрлеріндегідей 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындап отыр. Сонымен қатар, 20 үздік ұлттық құраманың қатарына енуге талап қойылды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Видео: TengrinewsTV

Қосылған күні: 09 желтоқсан 2013, 19:34
Пікірлер
+0
09 желтоқсан 2013, 20:46

Айрықша бір өзгешелік көріп отырғам жоқ киімнен ))) Ренжімесінші, өз пікірім ғой.

+0
11 желтоқсан 2013, 09:06

Мен де соны айтайын дегенмін, дәл осындай материалдармен басқаша, ерекше, әдемі етіп жасап шығуға болар еді, қазақылық байқалмайды)

+0
09 желтоқсан 2013, 21:31

сізбен қосылам

+0
10 желтоқсан 2013, 08:01

Маған түстері ұнады

+0
11 желтоқсан 2013, 09:21

Маған ұнады :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.