Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / РИО-2016 / Елбасы Риода ел намысын қорғаған спортшыларға алғысын білдірді

Елбасы Риода ел намысын қорғаған спортшыларға алғысын білдірді

Елбасы Риода ел намысын қорғаған спортшыларға алғысын білдірді

Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында қазақ елінің намысын қорғаған спортшыларға алғысымды білдіремін. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХІ жазғы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдергерлерінің қатысуымен өткен құрмет көрсету шарасында мәлімдеді.

«Мен Олимпиада ойындарында әділ күрескен спортшыларға алғысымды айтамын. Біз осы байрақты бәсекеге қатыса отырып, келесі бәсекеде алтын, күміс, қола жүлделерді алу мүмкіндігін арттыра түсеміз. Біздің делегацияның мүшелері еңбектену арқылы биік белестерді бағындыруға болатындығына көз жеткізді. Сондықтан барлық спортшылардың болашақта мансабының жоғары болуына, спортта жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспін», - дейді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы барша қазақстандықтардың атынан Рио Олимпиадасында спортшыларды жаттықтырған бапкерлерге, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің туған-туыстарына, жанкүйерлерге рахмет айтты.

«Біз бұрынғы Олимпиада жеңімпаздарын неліктен жарыстан шеттеткенін білмейміз. Әрине, Рио Олимпиадасының қорытындысы көңілден шықты. Спорттың аты спорт. Жаттығу керек. Олимпиада чемпиондары үнемі дайындалуы қажет. Себебі, келесі Олимпиадада барлық спортшылар дайындалады. Уақыт орнында тұрмайды», - дейді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы жеңіл атлет Ольга Рыпакованың байрақты бәсекедегі жетістігін жоғары бағалады.

«Мен жеңіл атлет Ольга Рыпакованың жетістігін жеке атап өткім келеді. Ольганың қоласы алтынмен тең. Неге? Себебі, екі Олимпиада ойындары аралығында, яғни, Лондон және Риода ол ұл тапты. Баласы бүгінде 3 жаста. Екі баланың анасы болып, Ольга өзінің бабын жоғалтқан жоқ. Жарайсың! Біріншіден ана, екіншіден батыр әйел», - деп түйіндеді ҚР Президенті сөз соңын.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 

Дереккөз: bnews.kz


1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: inform.kz
Қосылған күні: 26 тамыз 2016, 19:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.