Қазақстандық балуан ширек финалда жеңілді

Қазақстандық балуан ширек финалда жеңілді
Фото: google.kz

Қазақстандық балуан Мамед Ибрагимов Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалынан аса алмады. Отандасымыз екінші кездесуінде грузиялық Елизбар Одикадзеге жол беріп алды.

Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шығатын отандасымыз бірінші белдесуінде венесуэлалық Хосе Даниэль Диас Робертиді айқын жеңген еді. Бірақ ширек финалда жолы болмады. Грузин балуанына 6:1 есебімен есе жіберіп алды. 

Ө. Сансызбай