Руслан Жапаровтың жұбаныш кездесуде де жолы болмады

Руслан Жапаровтың жұбаныш кездесуде де жолы болмады
Фото: vesti.kz

Қазақстандық таеквондошы Руслан Жапаров Риодағы Олимпиада ойындарында жүлделі орыннан көріне алмады. Отандасымыздың жұбаныш кездесуде де жолы болмады.

ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің Туын көтеріп шыққан таеквондошы бірінші кездесуінде Әзірбайжан елінің таеквондошысы Радик Исаевқа жол беріп алғанын жазған едік. Радик финалға өтіп, Русланның қола медальға таласуына жол ашылды. Өкінішке орай, қазақстандық спортшы жұбаныш кездесуде кәріс Чха Дон Минен айласын асыра алмады. Жеңіп тұрып, жеңісті уысынан шығарып алды. Оңтүстік Корея елінің спортшысы жүлдеге таласта өзбек Дмитрий Шокинді ұтып, қола жүлдегер атанды. Ал әзірбайжан таеквондошысы Радик Исаев Олимпиада чемпионы болды.  

Ө. Сансызбай