Таеквондошы Руслан Жапаров алғашқы айналымда жеңілді

Таеквондошы Руслан Жапаров алғашқы айналымда жеңілді
Фото: google.kz

Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің Туын көтеріп шыққан таеквондошы Руслан Жапаров алғашқы айналымда жеңілді.

80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын қазақстандық спортшы Әзірбайжан елінің таеквондошысы Радик Исаевқа 11:2 есебімен ұтылды. Радик Исаев финалға шығатын болса, отандасымыз жұбаныш белдесу арқылы қола медальға таласатын болады.

Ө. Сансызбай