Усейн Болт Олимпиаданың тоғыз дүркін чемпионы атанды

Усейн Болт Олимпиаданың тоғыз дүркін чемпионы атанды
Фото: rsport.ru

Әйгілі ямайкалық желаяқ Усейн Болт Олимпиада ойындарының тоғыз дүркін жеңімпазы атанды. Ол Рио Олимпиадасын эстафеталық сында (4х100) жеңіспен аяқтады.

Алдына жан салмайтын желаяқ Риода үшінші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Эстафеталық сынға дейін Усейн Болт 100 және 200 метрге жүгіруде жеңімпаз атанған болатын.

Ямайкалық спортшы наурыз айындағы сұқбатында Рио Олимпиадасында соңғы рет төртжылдықтың додасында бақ сынайтынын айтқан болатын. Ал спорттық мансабын 2017 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқтауды жоспарлап отыр екен.

Айта кетейік, Усейн Болт Бейжің мен Лондон Олимпиадаларында да дәл осы қашықтықтар (100 және 200 метрге жүгіру, эстафета) бойынша Олимпиада чемпионы атанған болатын. 

Ө. Сансызбай