Жансель Дениз бірінші кездесуінде жеңілді

Жансель Дениз бірінші кездесуінде жеңілді
Фото: vesti.kz

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Олимпиададағы бірінші кездесуінде-ақ жеңілді. Отандасымыз 1/8 финалда қытайлық Тайпэй спортшысы Чжуан Цзяцзяға 16:2 есебімен есе жіберіп алды. 

Айта кетейік, Жансель Дениз 25 жаста (26/08/1991), Түркиядағы қазақ отбасында туған. Ірі жеңістері болмаса да түрлі халықаралық жарыстардың жүлдегері. 2013 жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткен Ашық турнирдің жеңімпазы, Еуропа чемпионы. Түркияның сегіз дүркін чемпионы, Austrian Open турнирінің екі мәрте күміс және қола жүлдесін еншілеген, Russian Open жеңімпазы, Dutch Open мен Trelleborg Open жарыстарының қола жүлде иесі, Ukraine Open және Moldova Open турнирлерінің екі мәрте күміс медалін олжалаған.

Ө. Сансызбай