Бүгін Олимпиада жүлдегерлері Алматы әуежайына қонады

Бүгін Олимпиада жүлдегерлері Алматы әуежайына қонады
Фото: bnews.kz

Тамыздың 19-нан 20-на қараған түні сағат 03:30-да Алматы халықаралық әуежайына KL405 әуерейсімен Қазақстанның ауыр атлетикадан Олимпиада құрамасының жүлдегерлері қонады.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Олардың арасында Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов, Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, қола жүлдегерлер Карина Горичева мен Фархад Харки ұшып келеді. Жүлдегерлермен қатар құрама команданың өзге мүшелері – Маргарита Елисеева және Арли Чонтей бар.

Осы рейспен Қазақстанның грек-рим күресінен құрама командасы да оралады.

Дереккөз: bnews.kz

 

Е. Жұмабайұлы