AIBA қазақ төрешісін де Олимпиададан шеттетті

AIBA қазақ төрешісін де Олимпиададан шеттетті
Фото: google.kz

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарынан шеттеттілген төрешілердің тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық төреші Рахымжан Рысбаев та бар.

"Fightnews" сайты жазған ақпарат бойынша, AIBA Олимпиададағы бокс жекпе-жектеріне қазылық  жасаудан шеттеткен төрешілер қатарына қазақстандықтан бөлек, ресейлік Владислав Малышев, британдық Мик Бэйси, алжирлік Хейра Сиди Якуб, ирландиялық  Майкл Галлахер, поляк Мариуш Горни мен аргентиналық Херардо Погги еніп отыр. Рахымжаннан өзге төрешілер Риодағы Олимпиадада дауға айналған Василий Левит пен Евгений ТищенкоМайкл Конлан мен Владимир Никитин арасындағы кездесулерге қазылық жасаған.

Айта кетейік, осыған дейін AIBA Олимпиадада қателік жасаған төрешілерді жарыстан шеттеттінін хабарлаған болатын. Бірақ олардың қателігінен кеткен бокс жекпе-жектерінің қорытындысы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген-ді.

Ө. Сансызбай