Гюзель Манюрова Олимпиада ойындарының финалына шықты

Гюзель Манюрова Олимпиада ойындарының финалына шықты
Фото: vk.com

Қазақстандық балуан қыз Гюзель Манюрова Рио Олимпиадасының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда ресейлік спортшы Екатерина Букинаны жеңді.

75 келіге дейінгі салмақта белдесетін Гюзель Манюрова боз кілемдегі бірінші белдесуінде мажар елінің балуаны Жанетт Неметті жеңсе, ширек финалда камерундық Аннабель Алиді жарыс жолынан шығарды. Ал жартылай финалда ресейлік Екатерина Букинадан жеңіліп тұрып, соңғы сәтті жеңіске бастар жолды таба білді.

38 жастағы қазақстандық спортшы финалда канадалық Эрик Елизабетпен белдеседі. Финалдық белдесу Астана уақытымен түнгі сағат 03:30-ға жоспарланған.

Ал 63 келіге дейінгі салмақта Екатерина Ларионова Беларусь елінің балуаны Мария Мамашукка есе жіберіп алған-ды. Мария Мамашук финалға шықты. Нәтижесінде отандасымыз Олимпиаданың қола жүлдесіне таласатын болады.  

Ө. Сансызбай