Бүгін Әділбек Ниязымбетов Олимпиада алтынына таласады

Бүгін Әділбек Ниязымбетов Олимпиада алтынына таласады
Фото: Данияр Майлыбаев

Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына да аз күн қалды. Бүгін ел қоржынына тағы бірнеше медаль түседі деген сеніміміз басым. Назарларыңызға 18 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.

Бүгін түнгі сағат 00:30-да Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері отандасымыз Әділбек Ниязымбетов шаршы алаңға шығады. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Куба елінің боксшысы Хулио Сесар Ла Круспен жұдырықтасатын жерлесіміз ел қоржынын алтынмен аптайды деп сенеміз. Сондай-ақ бүгін 75 келіге дейінгі салмақта еркін күрестен Гюзель Манюрова мен Екатерина Ларионоваға да қазақстандық жанкүйерлер сенім артары сөзсіз.

Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жұптық. 1000 метр. Жұбаныш финал
Спортшылар: Евгений Алексеев, Алексей Дергунов
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.00

Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Каноэ-жекелей. 200 метр. Жұбаныш финал
Спортшы: Тимур Хайдаров

Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.16

Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жұптық. 200 метр. Жұбаныш финал
Спортшылар: Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий

Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.40

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Ерлер. Ядро лақтыру. Іріктеу кезеңі
Спортшы: Иван Иванов

Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.55

Спорт түрі: Қазіргі бессайыс. Әйелдер. Семсерлесу
Спортшы: Елена Потапенко

Басталуы: Астана уақытымен сағат 19.00

Спорт түрі: Еркін күрес. Әйелдер (75 келіге дейін)
Спортшы: Гюзель Манюрова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 19.56. Тікелей эфир («KazSport»)

Спорт түрі: Еркін күрес. Әйелдер (63 келіге дейін)
Спортшы: Екатерина Ларионова

Басталуы: Астана уақытымен сағат 19.40. Тікелей эфир («KazSport»)

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. Эстафета 4 х100 метр
Спортшылар: Қазақстан құрамасы

Басталуы: Астана уақытымен сағат 20.20

Спорт түрі: Қазіргі бессайыс. Ерлер. Семсерлесу
Спортшылар: Павел Ильяшенко

Басталуы: Астана уақытымен сағат 23.30

Спорт түрі: Бокс. Ерлер (81 келіге дейін). Финал
Спортшы: Әділбек Ниязымбетов

Басталуы: Астана уақытымен сағат 00.30

О. Сансызбай