Бүгін Данияр Елеусінов Олимпиада алтынына таласады

Бүгін Данияр Елеусінов Олимпиада алтынына таласады
Фото: Данияр Майлыбаев

Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына да аз күн қалды. Бүгін ел қоржынына тағы бірнеше медаль түседі деген сеніміміз басым. Назарларыңызға 17 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.

Бүгін түнгі сағат 01:30-да ел үмітін арқалаған боксшы  Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығады. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда өзбек боксшысымен жұдырықтасатын жерлесіміз ел қоржынын алтынмен аптайды деп сенеміз. Жекпе-жекті тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсетеді.

Спорт түрі: Таеквондо. Әйелдер (49 келіге дейін)
Спортшы: Айнұр Есбергенова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:00

Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жұптық. 1 000 метр
Спортшылар:
 Алексей Дергунов, Евгений Алексеев

Басталуы: Астана уақытымен 18:08

Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жекелей. 200 метр
Спортшы:
 Тимур Хайдаров

Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:30

Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жұптық. 1 000 метр
Спортшы:
 Сергей Токарницкий, Андрей Ергучев

Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:44

Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-жекелей. 500 метр
Спортшы:
 Зоя Ананченко

Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:58

Спорт түрі: Еркін күрес. Әйелдер (48 және 69 келіге дейін)
Спортшылар:
 Жұлдыз Ешімова, Эльмира Сыздықова

Басталуы: Астана уақытымен сағат 19:16. Финалдық кезеңі сағат 00:55-те. Тікелей эфир («Хабар»)

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. 800 метр
Спортшы:
 Маргарита Мукашева

Басталуы: Астана уақытымен сағат 19:55. Тікелей эфир («KazSport»)

Спорт түрі: Бокс. Әйелдер (75 келіге дейін). Ширек финал
Спортшылар:
 Дариға Шәкімова

Басталуы: Астана уақытымен сағат 23:45. Тікелей эфир («Қазақстан»)

Спорт түрі: Бокс. Ерлер (69 келіге дейін). Финал
Спортшы:
 Данияр Елеусінов

Басталуы: Астана уақытымен сағат 01:30. Тікелей эфир («Қазақстан»)

Ө. Сансызбай