Левитке «Алтынның» сыйақысы беріледі

Левитке «Алтынның» сыйақысы беріледі
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) Василий Левитті олимпиада жеңісімен және теңдессіз медалімен құттықтайтынын хабарлайды. Оның Рио олимпиадасында көрсеткен шеберлігі мен ерлігі әлем елдерінің белді сарапшыларынан жоғары баға алды.

Бастысы, Василийге қолдау көрсетіп, жанкүйер болып жүргендер тек Қазақстанда емес, шет елдерден де табылып жатыр. Ол елдің бокс федерациясын, жаттықтырушыларын және тұтас елдің үмітін ақтады.

«AIBA ережесі бойынша төрешілердің шешіміне бағытталған қарсы пікір қабылданбайды, біз де Халықаралық бокс ассоциациясына мүшеміз, сол себепті, заңдылықтарды сақтауымыз керек», – дейді  ҚБФ.

Василий Левиттің финалдық ойында көрсеткен нәтижесін әлем көрді, жеңіске деген жігеріне бәрі куә. Оған күміс медалі үшін 150 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

Төрешілер «күміс» деп шешсе де, Қазақстан бокс федерациясының президенті Т. Құлыбаевтың шешімімен мемлекет жеңімпазға бұл сыйақының үстіне тағы жүз мың АҚШ долларын қосып, «алтынның» сыйақысын төлейтін болды. Себебі, бұл медаль алтынға бергісіз медаль болатын.

Г. Берік