Иван Дычко жартылай финалға өтті

Иван Дычко жартылай финалға өтті
Фото: google.kz

Аса ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Иван Дычко Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда нигериялық Эфе Аджагбаны жеңді.

Қазақстандық боксшы алғашқы минуттардан бастап қорғана жүріп жұдырықтасуды ұйғарды. Бұл жаттықтырушыларының айтқан ақылы болса керек. Қорғана жүріп-ақ, қарсыласын қапы қалдырды. Шешуші раундта алға ұмтылған нигериялықтың қателігін Иван Дычко сәтті пайдаланып, соққыларын дәл тигізді. Төрешілер 3:0 (29-28, 29-28, 29-28) есебімен отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды. 

Иван Дычко жартылай финалда ұлыбританиялық боксшы Джо Джойспен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жек 20 тамызға жоспарланған. 

О. Сансызбай