Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты
Фото: kfb.kz

81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда британдық боксшы Джошуа Буатсиді жеңді. 

Шаршы алаңда өзіне сенімді жұдырықтасқан қазақстандық боксшы қарсыласынан қауқарлы екенін байқатты. Қорғана жүріп жұдырықтасатын Әділбек өз мәнерінен танған жоқ. Оңтайы келгенде қарсыласын дәл соққыларымен қарсы алып жүрді. Нәтижесінде төрешілер 3:0 (29-28, 29-28, 29-28) есебімен отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды.

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына екінші мәрте шығып отыр. 2012 жылы Лондон Олимпиадасының финалында ресейлік Егор Мехонцевтен жеңіліп, күміс жүлдегер атанған болатын. Риодағы доданың финалында қазақстандық боксшы үш дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сесар Ла Круспен жұдырықтасады. Жекпе-жек 19 тамызға жоспарланған. 

Ө. Сансызбай