Олжас Сәттібаев әзірбайжан боксшысына есе жіберді (видео)

Олжас Сәттібаев әзірбайжан боксшысына есе жіберді (видео)
Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Олимпиада ойындарынан шығып қалды. Отандасымыз әзірбайжан боксшысы Эльвин Мамишзадеге қарсы сәтті жұдырықтасқанмен, төрешілер қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды.

Бірінші раундтан бастап бірінші нөмірмен жұдырықтасып, белсенді қимылдаған қазақстандық боксшы қарсыласына есе жібере қойған жоқ. Шаршы алаңда шапшаң қимылдап, барын салды. Дегенмен төрешілер Олжас Сәттібаевты жеңіске лайықты жұдырықтасты деп бағаламады.

Айта кетейік, кеше қазақстандық Қайрат Ералиев те төрешілер шешімімен жарыс жолынан шығып қалған болатын. Ол да өзбек боксшысына есе жібере қоймаған еді. 

О. Сансызбай