Александрдың «алтын» алу мүмкіндігі қандай?

Александрдың «алтын» алу мүмкіндігі қандай?
Фото: google.kz

Қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков 105 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін «алтынға» үмітті спортшылардың тізімінде екінші орында тұр. Букмекерлер зілтеміршінің Рио Олимпиадасындағы мүмкіндігін осылай бағалап отыр. 

Александр Зайчиков алтын медаль алуға үмітті ауыр атлеттердің тізімінде екінші орынға жайғасыпты. Қазақстандық спортшының жеңіс коэффициенті – 5.0.

105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде басты жеңіске үміткер – 2013 жылғы әлем чемпионы Руслан Нұрыдинов. Өзбек спортшысының жеңіс коэффициенті – 1.5.

«Алтынға» үмітті ауыр атлеттердің тізімінде үшінші орында Қытай зілтеміршісі Ян Чжэ тұр. Одан кейін ирандық Мохаммад Реза Барари, польшалық Бартломей Бонк, латвиялық Артурс Плесниекс жайғасқан. Жалпы, 9 спортшы өнер көрсетеді. 

Ауыр атлеттер арасындағы жарыс Астана уақыты бойынша сағат 04:00-де басталады. Бәсеке «Қазақстан» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасында ел қоржынына бүгінге дейін төрт медаль салды. Фархад Харки мен Карина Горичева қола медаль иеленсе, Жазира Жаппарқұл «күміс» жеңіп алды. Ал Нижат Рахимов алтын медаль алып, Олимпиада чемпионы атанды.

Дереккөз: bnews.kz

Е. Жұмабайұлы