15 тамыз күні жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылар

15 тамыз күні жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылар
Фото: stats.ilook.ru

Бүгін, яғни 15 тамыз күні қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды. Назарларыңызға 15 тамыз күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.

Бүгін боксшы Василий Левит финалда ресейлік Евгений Тищенкомен алтынға таласады. Ал 69 келіде Данияр Елеусінов жартылай финалдық бәсекеге түседі. Сондай-ақ ауыр атлет Александр Зайчиков 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдеден үмітті спортшылардың бірі.


Спорт түрі: Каноэ мен байдаркада ескек есу. Ерлер. Каноэ-жекелей сын. 1 000 метр

Спортшы: Тимур Хайдаров

Басталуы: сағат 18:00


Спорт түрі: Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-жұптасып өнер көрсету. 500 метр

Спортшы: Ирина Подойникова, Наталья Сергеева

Басталуы: сағат 18:24

 

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Ерлер. Үш қарғып секіру. Іріктеу кезеңі

Спортшы: Роман Валиев

Басталуы: сағат 18.30

 

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Іріктеу кезеңі

Спортшы: Виктория Зябкина, Ольга Сафронова

Басталуы: сағат 18:35

 

Спорт түрі: Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-жекелей сын. 200 метр

Спортшы: Инна Клинова

Басталуы: сағат 18:38

 

Спорт түрі: Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жекелей сын. 1 000 метр

Спортшы: Илья Голендов

Басталуы: сағат 19:14

 

Спорт түрі: Велотрек. Ерлер. Омниум

Спортшы: Артем Захаров

Басталуы: сағат 19.21

Спорт түрі: Грек-рим күресі. Ерлер. 130 келіге дейінгі салмақта

Спортшы: Нұрмахан Тынәлиев

Басталуы: сағат 19:48-де. Тікелей эфир (KazSport)

 

Спорт түрі: Синхронды жүзу. Жұптасып өнер көрсету. Ерікті бағдарлама

Спортшы: Екатерина және Александра Немич

Басталуы: сағат 20:00

 

Спорт түрі: Бокс. 52 келіге дейінгі салмақта. 1\8 финал

Спортшы: Олжас Сәттібаев

Басталуы: Жекпе-жек 20:30-да басталады. Тікелей эфир ("Қазақстан")

 

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Ерлер. 400 метрге кедергілермен. Іріктеу кезеңі

Спортшы: Дмитрий Коблов

Басталуы: сағат 20:35

 

Спорт түрі: Бокс. 75 келіге дейінгі салмақта. 1\4 финал

Спортшы: Жәнібек Әлімханұлы

Басталуы: Жекпе-жек 22:00-де басталады. Тікелей эфир ("Қазақстан")

 

Спорт түрі: Бокс. 69 келіге дейінгі салмақта. Жартылай финал

Спортшы: Данияр Елеусінов

Басталуы: Жекпе-жек 03:30-да басталады. Тікелей эфир ("Хабар")

 

Спорт түрі: Бокс. 91 келіге дейінгі салмақта. Финал

Спортшы: Василий Левит

Басталуы: сағат 04:15. Тікелей эфир ("Хабар")

Спорт түрі: Ауыр атлетика. 105 келіге дейінгі салмақта

Спортшы: Александр Зайчиков

Басталуы: сағат 04:00. Тікелей эфир ("Қазақстан")

 

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. 400 метрге кедергілермен жүгіру

Спортшы: Александра Романова

Басталуы: сағат 06.30

 

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. Диск лақтыру. Квалификация

Спортшы: Мария Телушкина

Басталуы: А тобы. Сағат 5:30, Б тобы. Сағат 6:50. Тікелей эфир (KazSport)

О. Сансызбай