Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / РИО-2016 / Мырзағали Айтжанов: Боксшыларымыздың ендігі жекпе-жектері өте қиын болады

Мырзағали Айтжанов: Боксшыларымыздың ендігі жекпе-жектері өте қиын болады

Мырзағали Айтжанов: Боксшыларымыздың ендігі жекпе-жектері өте қиын болады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Риодағы боксшыларымыздың ендігі жекпе-жектері өте қиын болады, деп мәлім етті.

"Бүгін шаршы алаңға төрт боксшымыз шығып, төртеуі де қарсыластарын ұтып, ары қарай жарыстарын жалғастыратын болды. Бүгінгі төрт боксшымыз да жақсы бокстасты. Тапсырмаларымды ойдағыдай орындады. Жігіттердің жеңістеріне разымын. Бірақ,  ендігі жекпе-жектері өте қиын болады. Себебі, әлсіздер жарыстардан шығып қалды. Енді кілең іріктелген мықтылар қалды. Сондықтан, бізді нағыз айқастар енді күтіп тұр", - деп тап өтті бас бапкер.

Сондай-ақ, өзінің қол астында жаттығатын жігіттер де осал емес екенін айтты.

"Біздің жігіттер де осал емес. Әрқайсысының өз орындары бар. Міне, бүгін Василий Левит финалға қиналмай жетті. қазірдің өзінде қолында Олимпиаданың медалі бар. Бірақ, чемпион атану үшін тағы бір жақсылап тер төгуі керек. Басқа жігіттер де солай. Терін төгіп отырып, жұдырықтаспаса, жүлдеден қағылады. Бәріне тапсырма ортақ. Алға қойған мақсатқа жету үшін барымызды саламыз", - деді Айтжанов.

Қазақстан құрамасы  2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен бүгін жалпыкомандалық есепте 16-орында келе жатыр.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.  Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, Олимпиаданың бесінші күні екі спортшымыз - ауыр атлет Ниджат Рахимов пен Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа жүзуден  екі алтынды жеңіп алды. Ал осы күні әйелдер арасында сынға түскен ауыр атлет қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл  күміс жүлдегер атанды.  

Дереккөз: inform.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: sports.kz
Қосылған күні: 14 тамыз 2016, 12:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.