Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты
Фото: vk.com

91 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Василий Левит Олимпиада ойындарының жартылай финалында танымал кубалық боксшы Эрисланди Савонды жеңді. 

Қазақстандық боксшы бірінші раундта төрешілер шешімімен қарсыласына аз ұпай айырмасымен есе жіберіп алды. Ал екінші раундта Василий Левит ширақ қимылдап, қарсыласын жеңіп шықты. Шешуші раундта да қазақстандық боксшы белсенділік танытты. Отандасымыздың жылдамдығы артып, шаршы алаңдағы мысы басым болды. Төрешілер 3:0 (29:28, 30:27, 29:28) есебімен отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды. Нәтижесінде Василий Эрисланди Савоннан WSB жобасы аясында кеткен есесін қайтарды.

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалында ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен жұдырықтасады. Жекпе-жек 16 тамыз күні Астана уақытымен түнгі сағат 04:15-те өтеді.

Ө. Сансызбай