Жəнібек Əлімханұлы ширек финалға шықты (видео)

Жəнібек Əлімханұлы ширек финалға шықты (видео)
Фото: vesti.kz

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Жəнібек Əлімханұлы Риодағы жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Отандасымыз 1/8 финалда алжирлік боксшы Ильяс Аббадиді жеңді. 

Қазақстандық боксшы 1/8 финалдағы жекпе-жегін сəтті өткізіп, алжирліктен айласын асыра білді. Жəнібектің жойқын соққылары дəл тиіп, бірнеше сəтте қарсыласын есеңгіретіп тастады да. Нəтижесінде отандасымыз 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен жеңіске жетті.

Ө. Сансызбай