Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысынан басым түсті (видео)

Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысынан басым түсті (видео)
Фото: lada.kz

Лондон Олимпиадасында күміс медаль иеленген Әділбек Ниязымбетов Риодағы алғашқы жекпе-жегінде беларусь боксшысы Михаил Долголевецті жеңіп, ширек финалға шықты.

81 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қарсыласына қарсы сенімді түрде жұдырықтасып, шеберлігін танытты. Қарсыласының осал тұсын ұтымды пайдаланып, соққыларын өткізе білді. Үш төреші де қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.

Әділбек Ниязымбетов ширек финалда әзірбайжандық Теймур Маммадовпен қолғап түйістіреді. 

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Ералиев 1/8 финалға, Данияр Елеусінов ширек финалға жолдама алған болатын. Ал ұлттық құрама сапындағы ең жас боксшы Абылайхан Жүсіпов жарысты аяқтаған еді.

Ө. Сансызбай