Василий Левит Олимпиаданың жартылай финалына шықты (видео)

Василий Левит Олимпиаданың жартылай финалына шықты (видео)
Фото: vk.com

91 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Василий Левит Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда Маврикий елінің боксшысы Кеннедий Сент-Пьерді айқын басымдықпен жеңді.

Қазақстандық боксшы жекпе-жекті аса сақ бастады. Оңтайы түскенде қарсыласын жойқын соққыларымен қарсы алып отырды. Маврикий елінің боксшысы барынша алға ұмтылуға тырысқанмен, тәжірибелі отандасымызға қарсы қауқар таныта алған жоқ.

Василий Левит жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонмен жұдырықтасады. Бостандық аралының өкілі ширек финалда аргентиналық Ямиль Пиральтаны жеңді.

Айта кетейік, Василий Левит қазақстандық боксшылардың ішінде жартылай финалға бірінші болып шығып отыр. Осыған дейін Берік Әбдірахманов (60 келі) пен Біржан Жақыпов (49 келі) жарыс жолынан шығып қалған болатын. Өзге боксшылар жарыс жолына алдағы күндері шығады.

Василий Левит жартылай финалға шығу арқылы кем дегенде қола медаль алу мүмкіндігіне ие болды. 

Ө. Сансызбай