Мариан Урдабаева алғашқы айналымнан аса алмады

Мариан Урдабаева алғашқы айналымнан аса алмады
Фото: vesti.kz

Қазақстандық дзюдошы Мариан Урдабаева Олимпиаданың алғашқы айналымында-ақ сүрініп, жарысты ерте аяқтады. Отандасымыз қытайлық спортшы Янь Цзюньға есе жіберіп алды.

63 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз қытайлықтың алғашқы әдісінен-ақ шыға алмады. Янь Цзюнь қол қайыру әдісі арқылы оңай жеңіске жетіп кетті.

Айта кетейік, осыған дейін дзюдо спортынан қазақстандық Елдос Сметов – күміс, Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль еншілеген еді.

О. Сансызбай